Еске саламыз!
Қазақстандық туристермен шетелде түрлі жағдайларға жол бермеу мақсатында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес сіз Кепілдендіру жүйесінің қатысушылары болып табылатын қазақстандық туроператорлармен ғана жұмыс істеуге және туристерге ТУРКОД беруге құқылысыз.
Турагенттік шетелдік компаниядан қонақүйде тұру қызметін бөлек брондап, төлей ала ма?
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес Турагент туристерге тек қана қазақстандық туроператор қалыптастырған турөнімді өткізуге құқылы.
Турагент шетелдік туроператордан қонақүйді тікелей брондауға құқылы емес, себебі ол шетелге ақша жібере алмайды. Бұл валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнаманы бұзу болып табылады және тиісті жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай фактілер анықталған жағдайда, біз тиісті мемлекеттік органдарға ақпаратты жеткіземіз.
Туристердің дербес деректерін қорғау үшін қандай тетіктер қарастырылған?
Турлар және туркодтар тізілімінде тек туристің паспорт нөмірі ғана көрсетіледі, бірақ оның жеке деректері көрсетілмейді. Деректерге қол жеткізу турөнімді қалыптастырған туроператорда, оны өткізген турагентте және туристің өзінде ғана болады. Енгізілген деректер туралы ақпарат тек Уәкілетті органға оның жазбаша сұранысы бойынша ғана беріледі.
Жосықсыз туроператорларды анықтау тетіктері құрыла ма?
Бұл тетік бойынша Қор жұмыс істейтін болады.
Қордың қай бөлімі түскен ақшаның ашықтығын қамтамасыз етеді?
Арнайы шоттың қаражаты Уәкілетті органмен, Жүйе әкімшісінің Кеңесімен және Тексеру комиссиясымен бақыланатын болады – олардың өкілеттіктері сайтта көрсетілген.
Тур төленгеннен кейін, туристке Туркод қашан беріледі, айтыңызшы?
Қайырлы күн! Туркод ұшуға дейін ең кемінде 1-3 тәулік бұрын берілуі мүмкін, бірақ 100% төлем жасалған кезде сіз туркодты алдын ала сұрай аласыз.