Турды сатып алмас бұрын:
- ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің турагенттіктері тізімін пайдаланыңыз және өз қалаңыздың турагенттігін таңдаңыз.
- Турагенттіктің қызметтерімен мұқият танысыңыз.
- Турды таңдау кезінде туроператордың ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қатысушысы екенін тексеріңіз. Туроператорды “Қатысушылар тізілімінен” өзіңіз тексере аласыз.
- Турды ресімдегеннен кейін, құжаттаманы алған кезде, саяхаттың әрбір қатысушысына берілген ТУРКОДТЫҢ бар-жоғын тексеріңіз.
- ТУРКОДТЫ тексеру үшін осы сайттың басты бетіндегі “Туркодты тексеру” терезесін басыңыз және өзіңіздің ТУРКОДЫҢЫЗДЫ енгізіңіз. Жүйе сіздің турлар тізіліміне енгізілгеніңізді немесе енгізілмегеніңізді көрсетеді. ТУРКОДЫҢЫЗДЫҢ тізілімге енгізілуі – сол туроператорда қиындықтар туындаған жағдайда сіздің Қазақстанға қайтарылуыңызға кепілдік берілетінін білдіреді.
- Егер сіз тізілімде болмасаңыз, сайтта Жүйе Әкімшісіне тиісті өтініш ресімдеуіңізді сұраймыз.
ТУРИСТКЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
ҚҰРМЕТТІ ТУРИСТ!
Сізді қорғау және үйге уақтылы оралуыңыз үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік берудің мемлекеттік жүйесі «Туристік Қамқор» құрылған.
ӨТІНІШ, кепілдік беру Жүйесінің қорғауында болу үшін:
- Сапарды ресімдеуді бастамас бұрын, www.fondkamkor.kz сайтында орналастырылған турагенттіктер тізіміне жүгініңіз. Бұл тізім шығу туризмі саласындағы Заңнаманы орындайтын турагенттіктерден жасалған. Бұл сіздің елге қайта оралуыңызға байланысты проблемалар туындаған жағдайда, сізге уақтылы қолдау көрсетілетінін білдіреді;
- Турды сатып алу кезінде турагенттіктен міндетті түрде ТУРКОДТЫ талап етіңіз – бұл туроператордың сізді елге қайтару бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе орындауға мүмкіндігі болмауы жағдайында Жүйе әкімшісінен көмек сұрауға негіз болып табылады;
- Қызмет көрсету ШАРТЫНА назар аударыңыз, онда міндетті түрде ТУРКОД беру көрсетілуі тиіс.
ТУРКОДТЫ ТЕКСЕРІҢІЗ!
Сайт арқылы:
- «Туристік Қамқор» Жүйесі әкімшісінің www.fondkamkor.kz сайтына кіріңіз
- Басты беттегі «Өз Туркодыңды тексер» терезесін басыңыз
- Өзіңіздің ТУРКОДЫҢЫЗДЫ енгізіңіз.
Сіздің ТУРКОДЫҢЫЗДЫҢ тізілімге енгізілуі туроператордың өз міндеттемелерін орындамауы немесе орындауға мүмкіндігі болмауы жағдайында сіздің Қазақстанға қайтарылуыңызға кепілдік береді.
TOURCODE Мобильді қосымшасы арқылы:
- Қосымшаны жүктеп алыңыз. AppStore немесе GooglePlayMarket-тен “Tourcode” тауып, оны телефоныңызға орнатыңыз.
- Өз ТУРКОДЫҢЫЗДЫ тексеріңіз:
- Жылдам тексеру: Басты экранда “Сіздің туркодыңыз – Тексеру” дегенді таңдаңыз.
- Тіркелу арқылы: Қосымшада телефон нөміріңізді және төлқұжат деректеріңізді пайдаланып тіркеліңіз. Осыдан кейін сіздің ТУРКОДЫҢЫЗ қосымшада қолжетімді болады.
Егер сізде ТУРКОД болмаса
…немесе оны турагенттік бермесе, сізден Жүйе әкімшісіне тиісті өтініш ресімдеуіңізді сұраймыз. Бұл туындаған жағдайды жедел шешуге мүмкіндік береді. Сіз өтінішті келесі тәсілдермен бере аласыз:
- Веб-сайт арқылы: www.fondkamkor.kz сайтында, «ӨЗ ТУРКОДЫҢДЫ ТЕКСЕР» бөліміне өтіп, «МЕНДЕ ТУРКОД ЖОҚ» опциясын таңдаңыз;
- TOURCODE мобильді қосымшасы арқылы: «SOS» бөлімінде тиісті жағдайды «Қонақүйге қоныстандырмай жатыр», «Қазақстанға қайта алмаймын» немесе турагенттіктер тізімі бөлімінде «Менің агенттігім жоқ» дегенді таңдаңыз, тиісті опцияны таңдағаннан кейін «Кеңес алу» белгішесін басыңыз.
Жүйе әкімшілігі бұл жағдайды шешуге көмектеседі.
ТУРКОД СІЗДІҢ ҚАУІПСІЗ ДЕМАЛЫСЫҢЫЗДЫҢ КЕПІЛДІГІ!
Жүйе әкімшісінің байланыс деректері:
- Мекенжайы: 010000, Астана қ., Тұран даңғылы, 1, 012-кеңсе
- Веб: www.fondkamkor.kz
- E-mail: fondkamkor@gmail.com, fondkamkor@mail.ru
- Тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желі: +7 (700)-11-22-112
- Телефон: +7 (7172) 677-112
- Инстаграм: turistik_kamkor
- Facebook: fond.kamkor